
Атырау қаласында шомылып жүрген 2006 жылы дүниеге келген оқушы суға батып кетті.
Оқиға 18 шілде күні 20 сағат 15 минут шамасында, «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешені аумағындағы жағажайда, арнайы белгіленген аумақта орын алған.
Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары хабар түскен бойда су асты іздестіру-құтқару жұмыстарына кіріскен.
«Құтқарушылар 20 сағат 31 минутта суға батып кеткен баланың мүрдесін жағаға шығарып, Полиция департаменті қызметкерлеріне тапсырды», делінген тартылған ақпаратта.