Атырауда не өртеніп жатыр?

screenshot 20220524 105216 Қоғам

23 мамырда сағат 19.50-де Атырау қаласы Лесхоз-2 м/а Бакдаулет көшесіндегі үйдің ауласында ауданы 10х20м болатын монша мен қосарланып салынған гараждың жануы болды. Өрт сөндірушілермен гараждың аумағы 5х6м болатын ішкі бөлігі құтқарылды. Өрт сағат 20.23-те оқшауланып, сағат 20.33-те жойылды. Өрттің шығу себебі: болжаммен монша пешінің қатты қызуы салдарынан. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт сөндіруге Атырау облысы ТЖД 17 қызметкері және 3 бірілік техника жұмылдырылды.
Атырау облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді: электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз, жылыту пештерін қараусыз қалдырмаңыз.

Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз