Жарнама
Қоғам

АТЫРАУДА НАН БАҒАСЫ АРЗАНДАДЫ

«2021 жылдың 10 қарашасынан яғни бүгіннен бастап «Дәулет нан» сауда нүктелерінде бірінші сұрыпты нанның құны бұрынғы бағаға дейін төмендетіліп, 90 теңгеден сатылуда»,-деп хабарлайды Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.


Басқарма басшысы Амангелді Саламаттың сөзінше, бұған облыс әкімдігі «Даулет нан» сауда желісі тиесілі «Карат» ЖШС басшылығымен келіссөздер жүргізу арқылы қол жеткізген.
2021 жылдың 1 қарашасынан бастап әлеуметтік нанның бағасы «Даулет нан» сауда нүктелерінде 95 теңгеге дейін өскен болатын.
Ол сондай-ақ қала аумағында орналасқан супермакеттерде аталған нанның бағасы көтерілмегенін айтты. Атап айтқанда, «Лидер» және «Идеал» супермаркеттерінде бірінші сұрыпты нан 82 теңге «Ярмарка» және «Семья» супермаркеттерінде 90 теңге, «Марко» супермаркетінде 85 теңге, «Анвар» супермаркетінде 95 теңгеден сатылуда.
Амангелді Саламат «Атырау» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы баға тұрақтандыру жұмыстары тұрақты жүргізілетінін айтты.
Ол онымен қатар, келер жыл үшін өңірге қажетті 25 000 тонна бидай алуға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс берілгенін атап өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button