Атырауда марафон өтті (+ФОТО)
Атырауда әскерилер арасында жүгіруден марафон өтті.
Қазақстан Республикас ының Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай, Атырауда әскерилер арасында марафон өтті.
5 шақырымға жаппай жүгіруден өткен марафонға
Батыс өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері мен бағынышты әскери бөлімдері 41433 әскери бөлімі барлау полкы, 41321 әскери бөлімі байланыс батальоны және
Ұлттық гвардия мен Шекара қызметінің әскерилері қатысты.
«Барығы 200-ге жуық әскери қатысқан спорттық іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын дәріптеу, рух, патриоттық тәрбие беру. Жаппай жүгіру марафоны Жеңістің 77 жылдығына, қазақстандық армияның 30 жылдығына арналып отыр» дейді Батыс өңірлік қолбасшылығының өкілі Медет Құлыбеков.
Қатысушылар Жайық жағалауымен жүгіріп өтіп, 5 шақырым қашықтықты бағындырды.
Мәреге жеткен қатысушыларды Батыс өңірлік қолбасшылығы әскери гарнизонының ұжымы құрметпен қарсы алды. 5 шақырым қашықтықты 24 минут 30 секундта бағындырған 41433 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Жалғас Әлиақпаров марафон жеңімпазы атанды. Барлық жеңімпаздар медальдармен марапатталды.
Еске сала кетелік, Қорғаныс миинстрлігінің бастамасымен елімізде әскерилер арасында «Отан. Әскер. Жас сарбаз» деп аталатын спорттық акция өтуде.
Баян Жанұзақова