Жарнама
Қоғам

Атырауда көпірден секіріп кеткен ер адам құтқарылды

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға бүгін, 29 қазанда орын алған, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

29 қазан күні таңғы сағат 6:30-да ер адам мас күйінде Атырау қаласындағы орталық автомобиль көпірінен өзенге секіріп кеткен.

Оқиғаға 42 жастағы қала тұрғыны Мақсат Сүйенбеков куә болып, ер адамды құтқарып қалған. Оқиға орнына тиісті орган мамандары шақырылған.

38 жастағы ер адам дәрігерлерге тапсырылды.

«Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жамбас сүйегі сынған, жағдайы орташа ауыр» делінген хабарламада.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button