Жарнама
Қоғам

АТЫРАУДА КӨЛІК ӨРТЕНДІ…

Газ тасымалдаушы автокөліктегі өрт
Ағымдағы жылдың 14 маусым күні 13:34 сағатта Жылыой ауданы, Құлсары қаласында автокөліктің жануы бойынша шақырту түсті.

Шақырту орнына жеткен №2 МӨСБ қызметкерлері Жылыой ауданы, Құлсары қаласы ВS жанар-жағармай бекетіне келген Зил-130 маркалы газ тасымалдаушы автокөлігінің кабинасы және қозғалтқыш бөлігінің толықтай жанып жатқанын анықтады. Өрт 13:46 сағатта оқшауланып, 13:51 сағатта толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД Жылыой ауданы №2 МӨСБ 4 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды.

Атырау облысы ТЖД ескертеді:
Көлікте өрт пайда болған жағдайда не істеу керек екеніне назар аудартып, көлік иелеріне арналған мынадай сақтық ережелерін ұсынамыз.

Автокөліктеріңізді дер кезінде техникалық байқаудан өткізгеніңіз дұрыс.
Егер сіздің автокөлігіңізде өрт пайда болған жағдайда:

Сол сәтте көлікті тоқтатып, өрт сөндіргіш құралын алып, капотқа жақындатып шашыңыз;

Практика жүзінде 90% «өрт оқиғасы» электротізбектердің бұзылуынан болады.

Егер өрт сөндіргіш құралыңыз тиімді болмаса, әрі қарай құм мен топырақты пайдаланыңыз.

Жанып жатқан кезде мүмкіндігінше есік пен терезені ашық қалдырмаңыз. Көліктің есігін мықтап жаппасаңыз, өрт шарықтап кетуі мүмкін.

Жанармай төгілген жағдайда, лапылдап жанып кетпес үшін оны су мен көбік немесе топырақ сеуіп тастау керек.

Егер көлігіңізден өрт шықса, аккумулятордың клеммасын ажыратып тастаңыз.

Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Қоғаммен байланыс тобы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button