
Қоғам
Атырауда қайықтан аударылған ағайындылардың бірі көз жұмды …
24 сәуір күні сағат 10.30-дан бастап Құрманғазы ауданында Бірлік ауылынан 35 шақырым жерде Қиғаш өзенінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен (7 қызметкер мен 2 бірлік техника), 24 сәуір түнгі сағат 01.30-да балық аулау кезінде қайықпен аударылып, батып кеткен 1993 жылы туған жігітті іздестіру жұмыстары жүргізілді.
Балық аулауға ағасымен бірге барып, ағасы өз күшімен судан шыққан. Сағат 13.45-те ТЖД күшімен мәйіт судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»