ЖАНСЕЛЬ ТАҒЫ ДА ТОП ЖАРДЫ (+ ФОТО)

deniz Қоғам

Atr. kz / 19 – ақпан. Түркия мемлекетінің Белек қаласында таеквондодан «Turkish Open» G-1 рейтингтік халықаралық турнирі өтті.

Осы жарысқа қатысқан еліміздің құрамасы сапында өнер көрсеткен атыраулық Жансель Дениз барлық қарсыластарынан басым болып, беделді турнирдің басты жүлдесін жеңіп алды.

ZHANSEL TAEKV

 Жерорта теңізінің  жағалауында өткен жарыста жалпы саны екі мыңнан астам  спортшы  бас қосып, 73 келі салмақта өнер көрсеткен бойжеткеніміз татами төрінде алдымен Иран, одан соң Испания елінің өкілін тізе бүктірді. Жартылай финалда  неміс қызын сан соқтырса, финалда Франция елінің өкілін өкіндіріп, мойынына алтын медаль тағынды.

kadet 5

Айта кету керек, Жансель осыдан екі апта бұрын Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Халықаралық турнирде де жеңіске жеткен болатын.

Осы турнирде сонымен қоса кадеттер де сынға түсіп, 300-ге тарта спортшы күш таластырған жарыста  өнер көрсеткен  жерлестеріміз Амир Салиxанов (41 келі) пен Эльназ Нажимова (44 келі)  алтыннан алқа тағынса, Нұрғиса Сағадатов (49 келі) күміс медальді еншіледі. Ал,  Арайлым Асқарова (47 келі)  жүлдегерлер тұғырының үшінші сатысынан бой көрсетті.  

kadet2 1

Мұратбек  ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз