Жарнама
Қоғам

Атырауда 7000 балаға облыс әкімінің сыйлығы таратылды

«Атырауда ерекше балаларға облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың атынан жаңа жылдық сыйлықтар үлестірілді» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен облыстық білім беру басқармасының басшылары мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсететін орталықтарды аралап, ерекше балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Басқарма басшылары Азамат Мәмбетов пен Сатқан Есенғалиев облыстық арнайы мектеп-интернатта болып, санитарлық талапқа сай өткен шағын ертеңгілікте сәбилерді құттықтады.

whatsapp image 2021 12 29 at 17.15.42 1

«Берсең балаға бер» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Біздің мақсат — балаларды қуанту, соның ішінде ерекше балалардың қуанышын көру — біз үшін үлкен мәртебе!
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Жаңа жыл қарсаңында өңірдегі 7 мың балаға арнайы сый-сыяпаттар әзірледі. Сол аманатты орындай отырып, баршаңызды аймақ басшысының атынан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын, — деді, Атырау облыстық жұмыспен қамту басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов.
Облыстық арнайы мектеп-интернатында көруі мен есту қабілеттері зақымданған және психикалық дамуы тежелген 131 бала білім алады. Мекеп-интернаттың негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу, олардың көру, есту және сөйлеу қабілеттерін дамыту, ой өрісін кеңіту.
Айта кетейік, облыс әкімінің жаңа жылдық сыйлығы аймақ бойынша 7000 ерекше балаға үлестірілуде.

whatsapp image 2021 12 29 at 17.15.42 2

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button