Жарнама
Қоғам

Атырауда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіАтырау облысының Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алумәселелері бойынша семинар өткізді.

​Семинарға «Қоғамдық келісім» КММ басшысы, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері  қатысты.

​Кездесудің негізгі мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністері арқылы бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

​Қатысушылар мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының маңызды басымдығы — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы этномәдени және діни бірлестіктердің рөлі, азаматтарды, әсіресе өскелең ұрпақты, жастарды қазақстандық қоғамның мәдени және дәстүрлі құндылықтарына, оның барлық көріністерінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік рухында тәрбиелеу мәселелерін қызығушылықпен талқылады. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын кеңінен жариялау туралы ұсыныстар айтылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button