АТЫРАУ ЖОЛДАРЫНАН 272 АҚАУ АНЫҚТАЛДЫ
Жыл басынан бері Атырау жолдарынан 272 ақау анықталды. Оның 207-сі республикалық тас жолдардан, ал 65-і жергілікті маңыздағы жолдардан белгілі болған.
«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалы мамандары қаңтар мен қараша аралығында республикалық жолдардың сапасын тексеруге- 711(қысқы күтім 18) рет, ал жергілікті жолдарға 164 рет тексеріс ұйымдастырды.
Республикалық жолдардан анықталған 207 һақаудың 64-і жойылған, ал 143-і орындалмаған. Жергілікті жолдардағы 65 ақаудың 16-сы жойылған, 49-ы орындалмаған. «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалы директор Б.Мұқашовтың мәліметінше, жыл басынан бері жол құрылысына қолданылған материалдардан 1166 сынама алынған. Арнайы зертханада сынақтан өткізілді. Нәтижесінде республикалық жолдардан алынған 15 жол құрылыс материалының ҚР мемлекеттік стандарттарына сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Ал, жергілікті жолдардан алынған 103 материал стандартқа сәйкес келмейді. Анықталған ақаулар бойынша Атырау облыстық мемлекеттік сәулет және құрылыс басқармасына 7 ұсыным-хат жолданды. 2 техникалық қадағалаушының аттестаты 6 айға тоқтатылып, 2,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды.