Жарнама
Қоғам

«АТЫРАУ» және «ДЕНДЕР» газеттері

 

Жалпы, орталық жетекшісі Жарас Есенғалиевтың айтуынша, биылғы өткен мерзімде үш конференция, жеті «дөңгелек үстел», тоғыз семинар мен 204 кездесу ұйымдастырылыпты. Жастар арасындағы діни сауаттылық пен ахуалды анықтау .үшін 2455 адамды қамтыған сауалнама жүргізіліпті. Соның нәтижесінде жастардың діни мағлұматты негізінен интернеттен алатындығы белгілі болды. Демек, бұл бағыттағы жұмысты жандандыру қажет. Жыл басынан бері дәстүрлі емес бағытты насихаттайтын алты сайт анықталып, олардың қызметін тоқтату жөнінде ұсыныс берілді. Орталықтың өзінің www.centre-ato.kz сайты пайда болды. Бүгінде оны айына 400 шамалы адам қарайды. Оның жұмысымен 3300 кісі танысып үлгеріпті. Сонымен қатар, youtube арқылы дәстүрлі дінді дәріптеу қолға алынды. Қазірдің өзінде оны 25054 адам қарапты. Сәбилеріне екпе жүргізуге о баста қарсылық білдіргендермен жүргізілген түсінік жұмыстарының нәтижесінде 58 отбасы бастапқы көзқарастарын өзгертті. Міне, орталық директоры жиналғандарға атқарылған осындай шаралар жөнінде айтты.

Бұқаралық ақпарат құралдарының діни мәселені кеңінен қамтуы қуантады. Мәселен, «Дендер» газетінің журналистері Саламат Базарбаев пен Сүйеу Халықов 37 материал дайындапты. Бұл – аудандық газеттердің арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Әрине, бұл бағытта облыстық «Атырау» газетінің шоқтығы биік. Басылымның бас редакторы Исатай Балмағамбетовтің айтқанындай, мұнда жыл басынан бері «Теолог бұрышы» ашылып, дін мамандарының материалдарына кеңірек орын берілуде. Сонымен қатар, «Иман» және «Дін» арнайы беттері үнемі шығарылып тұрады. Дін тақырыбына жазатын журналистердің кәсіби шеберлігі де жетілді, тұрақты авторлар тобы қалыптасты. Оқырмандармен берік байланыс орнатылды. Газет бетінде түрлі шаралардан тек есеп қана жарияланып қойылмай, теріс жолға түскен түрлі тағдырлар да баяндалады. Осындай материалдардың нәтижесінде кейбіреулер қателескендерін түсініп, қалыпты өмірге оралып та жатыр. Сол үшін газет қызметкерлеріне алғыс айтқандар бар.

Енді аудандық газеттерді тағы бір шолып өтсек, Махамбеттегі «Жайық шұғыласы» да діни тақырыпты тұрақты қозғап келеді. Осындағы Аяжан Бисенғалиеваның материалдары тартымды. Ол семинарларға да үнемі қатысады, республикалық газеттер мен сайттарға да жиі шығады. Жыл басынан бері журналист осы тақырыпта 11 материал дайындапты. Соның ішінде жастар арасындағы діни сауаттылық, мұсылман киімін кию тәртібі, тұрғындармен сауалнама жүргізу, т.б. бар. «Мақат тынысы» газетінде діни тақырыпты Нұрбейбіт Нұғыманов жүргізеді. Ол жыл басынан бері он материал даярлады. Ал, Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің қызметкері Серікбол Панабердиев – діни тақырыпқа арналған республикалық бірнеше жыр додасының жеңімпазы.

Ұйымдастырылған семинар оған қатысушылардың діни сауатын одан әрі ашып, бұл бағытта жазылар материалдарына тың серпін берді. Олардың барлығына әдістемелік кітаптар табыс етілді.

Гүлжан ЕЛЕШЕВА.   

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button