Жарнама
Қоғам

Атырау қаласының  Мәслихаты хабарлайды

Қазақстан Республикасының  «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V Заңына және 2021 жылғы 26 ақпандағы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығына сәйкес, Атырау қалаcы қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеуге конкурс өткізілетіні хабарланады.

Жұмыс тобының сандық құрамы – 7 (жеті) адам, оның ішінде мемлекеттік орган өкілі  – 2, коммерциялық емес ұйымдар мен  азаматтар өкілі – 5.

Құжаттар осы конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап  күнтізбелік 5 күн ішінде қабылданады (30 қаңтар – 5 ақпан күндері аралығында).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар төмендегідей құжаттарды ұсыну қажет:

1) осы Үлгілік ереженің 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе)  азаматтың өтініші;

         2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтері;

         3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

         4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

         5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.

Жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстар мына мекен-жайда қабылданады:

Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 77а, №401 кабинет, электрондық пошта atyrau-maslihat@mail.ru, Байланыс телефондары: 8(7122) 27-12-67, Атырау қаласы Мәслихатының аппараты.

Атырау қаласының Мәслихаты

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button