
Қоғам
Атырау облысының тұрғыны жоғалып кетті
21 маусым күні үйінен шығып, қайта оралмаған азамат іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ATPress.kz баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 маусым күні сағат 09.55-те Қызылқоға ауданы, Миялы ауылынан 3 шақырым жердегі Ойыл өзенінде Жедел-құтқару жасағы, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар бірлесіп, 21 маусым күні үйінен шығып, қайта келмеген ер адамды іздеуде. 1978 жылы туған Қызылқоға ауданының тұрғынын табу үшін жедел-құтқару жасағы мен тәртіп сақшыларының 2 техникасы мен 6 қызметкері жұмылдырылған.