ҚоғамФОТОГАЛЕРЕЯ

«АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ҰШҚЫШ ҚЫЗ» (+фото)

Таяуда «Атырау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Балықшыдағы №2 кітапханада Халық қаһарманы, «Қазақтың қанатты қыран қызы» атанған Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай «Аңызға айналған ұшқыш қыз» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті жақындатуға үлес қосқан қаһарман ұшқыш Хиуаз Доспанованың ерлік жолдарын насихаттау  мақсатында ұйымдастырылған танымы мол, тағылымы зор шара кешегі ел басына күн туған қысталаң шақта қолына қару алып ел қорғауға аттанған майдангерлер мен ұрыс даласынан оралмаған боздақтарды еске алып, рухына тағзым етуден басталды. Одан әрі шараға қатысушыларға  Хиуаз Қайырқызының көзсіз батырлығын баяндап, ерен ерлігі мен өрлігін, өжеттігін паш ететін «Kazakh/tb»  арнасы түсірген «Ұшқыш Хиуаз Қайырқызы Доспанова»  және Мұрат Жәкібаевтің “Хиуаз Доспанова. Успеть сказать спасибо!” атты  деректі фильмдерінен үзінділер көрсетілді.

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран. Батыр қыз Х.Доспанованың теңдессіз ерлігін  біздің халық, әсіресе, жас ұрпақ жақсы білуі тиіс. Міне сол себепті де кітапхана қорындағы  «Қаһарман қыз Хиуаз», «Хиуаз» кітаптары, сонымен қатар оның   өмірінен естеліктер жазылған соғыс тақырыбындағы әдеби туындылар да көпшіліктің назарын аударды.

 Соңынан жоғары сынып оқушылары Хиуаздың өмірдерегіне қатысты мәтін құрастырудан берілген тапсырманы орындады. Сөйтіп, олар да өз кезегінде олар да қазақтан шыққан қайсар қыздың ерлігін дәріптеуге үлестерін қосып, шараның тартымды өтуіне атсалысты.

Дәулетқали АРУЕВ  

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button