Атырау облысының әкімі Құрманғазы ауданына барады

rgge Қоғам

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов 9,10 қыркүйек күндері Құрманғазы ауданына жұмыс сапарымен барады.

305630105 5509432695776941 5843167806004849556 n

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сапар аясында аймақ басшысы аудан тұрғындарымен кездеседі. Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.

9 қыркүйек күні сағат 11.30 Б.Момышұлы орта мектебінде Асан ауылдық округінің тұрғындарымен кездеседі. Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.

9 қыркүйек күні сағат 16.00 Сүйіндік ауылдық клубында Сүйіндік ауылдық округінің тұрғындарымен кездеседі. Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.

10 қыркүйек сағат 10.30 Балқұдық ауылдық мәдениет үйінде Азғыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізеді. Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.

Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Құрманғазы ауданы әкімдігінің «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.

Қосымша ақпаратты +7 (71233)21376 телефон нөмірі арқылы алуға болады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз