Жарнама
Қоғам

Атырау облысының әкімі концлагерь тұтқынының шаңырағында болды

Аймақ басшысы Серік Жамбылұлы соғыс жылдарында тұтқында болып, концлагерьде азапты ғұмыр кешкен Екатерина Абсатырованың шаңырағында болды.

Кейуананы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жолдады. Ол 1931 жылы Мордовия облысында дүниеге келіп, 1941 жылы отбасымен бірге тұтқынға түскен. Осылайша, үш жыл уақытын концлагерьде өткізген. Бостандыққа шыққан соң, колхозда еңбек еткен. Ал, 1950 жылы тұрмысқа шығып, отбасын құрған. Кейін, 1968 жылы сол кездегі Гурьев қаласына қоныс аударған. Сөйтіп, зейнеткерлікке шыққанға дейін Локомотив депосында жұмыс жасаған.

Бүгінде, шүкір, үш баласынан екі немере мен бір шөбере сүйіп отыр. Бір қызығы, 91 жастағы Екатерина Серафимқызы өз қолымен бауырсақ пісіріп, үй шаруасымен айналысып жүр екен. Бұл да болса қандай қиындыққа да қасқайып қарсы тұра білген ақжаулықты ананың қайсар рухын паш етіп тұрғандай. Ол «сұм соғыстағы ауыр азап пен бейнетті бүгінгі ұрпақ көрмесе екен» деген тілегін жеткізді.  

Иә, киелі Атырау топырағында туған батырлар – Қайырғали Смағұлов, Георгий Канцев, Александр Афанасьев, Гаврийл Шамин, Хиуаз Доспанова, Боран Нысанбаев, Евгений Полынин, Мұса Баймұханов, Мұқат Мусаев, Шүкір Еркінов, Ғизат Əліпов және басқа да мыңдаған боздақ есімі ел есінен ешқашан өшпек емес!..

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

(Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінің көмегімен)

img 20220509 wa0097
img 20220509 wa0099

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button