Атырау облысының әкімі Кеңөзекке барды

kenozek 8 2 Қоғам

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ІІ жартыжылдықтағы кестеге сәйкес, тұрғындармен кездесуді Кеңөзек ауылдық округінен бастады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен аймақ басшысы Кеңөзек ауылында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады. Кейін жергілікті тұрғындар ауылдағы ауыз су, жаяу жүргіншілерін жолын салу, жасыл желекті күтіп ұстау, қоқыс карьерлерін тазалау, қоғамдық көліктерді көбейту және өзге де  мәселелерді көтерді. Тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдаған Серік Шәпкенов тұрғындарды толғандырып жүрген мәселелер қолданыстағы заңдар мен бекітілген ережелер шеңберінде кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

– Демократия дегеніміз қоғамның ашықтығы. Ең бастысы, әр азамат өз пікірін ортаға салуы тиіс. Әсіресе жастардың қоғамдық жұмыстарға араласуына мүмкіндік берілуі қажет. Көзінде оты бар, ел үшін еңбек еткісі келетін жастарға жол көрсетіп,  өрелі істерде белсенді болуына септігімізді тигізуіміз керек,-деді аймақ басшысы.

Кездесу соңында аймақ басшысы айтылған мәселелер бойынша жауапты органдар басшыларына тапсырма беріп, ауыл тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

kenozek 1
kenozek 2 2
kenozek 3 1
kenozek 4 1
kenozek 5 1
kenozek 6 2
kenozek 7 2
kenozek 9 2
kenozek 10 2
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз