Жастар жайы алаңдатады

0 cf22d b11ab14e XL Жаңалықтар

Күнделікті өмірде сыртқы келбеті ересек адамға ұқсайтын жастарды жиі кездестіруге болады. Себебі, мектеп жасындағы ұлдар кітапхананың емес, тренажерлік залдардың табалдырығын тоздырады. Бұлшық етті жасанды түрде өсіретін «протеин» деп аталатын препаратты қабылдап, өздерінің тілінде «спортик» болғысы келеді.

0_cf22d_b11ab14e_XL

Сонда, оның денсаулыққа зиян екенін және ағзаның жас ерекшелігіне қарай дамитынын биология пәнінің мұғалімдері мен психологтар түсіндірмей ме? Ал, шынашақтай қыздарымыз болса, кәмелеттік жасқа толмай боянып, табиғи сұлулығына балта шабуда. Қиылған қасы мен кірпігін жұлып, орнына жасандысын жапсырады. Олардың тәрбиесіне ұстаздан бұрын жауапты анасы қайда қарап отыр?

Екінші мәселе, жастардың рухани әлемі жұтаңдап барады. Мұны олардың қоғамдық жұмыстарға араласпауынан анық көруге болады. Нарық заманында өмір сүрген соң ба, бүгінде ешкім тегін жақсылық жасағысы келмейді. Бір мысал келтірейін, Америкада бір әжейдің ауыр жүктерін көтеріспек болып көмектескісі келген «Болашақ» бағдарламасымен оқып жатқан ауыл қазағының басы дауға қалған деседі. Әлгі мұны ұры деп ойлап, полиция бөлімшесіне шағым түсіріпті. Өйткені, ол жақтағылар қазақтың қанына сіңген адамгершілік қасиеттерден жұрдай екен.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз