Жарнама
Қоғам

Атырау облысының әкімі исатайлықтармен кездесті

Серік Шәпкенов: Ауылды дамытуға бөлінген қаржы мақсатымен жұмсалуы тиіс.

11 мамырда Серік Шәпкенов Исатай ауданына жұмыс сапарымен барып, Хамит Ерғалиев ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы алдымен атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады. Жиналғандарды ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Облыс әкімімен кездесуде тұрғындар өздерін алаңдатқан мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, жазғы су құбырын тарту, «Атырау-Астрахань» тас жолынан ауылға өткел салу, саябақ және дене шынықтыру кешенін тұрғызу, қаңғыбас иттердің көбеюі, бұқаралық спортты дамыту және т.б. мәселелер.

— Бүгінде «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында Ұлттық қордан ауылішілік көлік жолы және жаяу жүргіншілер жолдарына қаражат бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жолдың ауыл тұрғындары үшін маңызы зор екенін білеміз. Жөндеу жұмыстары уақытында аяқталуы үшін халық та, билік те жол сапасын бақылауды күшейтуі қажет. Демек қоғамдық бақылау жүргізу маңызды. Мердігер мекеменің жұмысынан мін табылса, онда дер кезінде тиісті шаралар қолданылады. Ауылды дамытуға бөлінген қаржы мақсатымен жұмсалуы тиіс, деді Серік Шәпкенов.

Облыс әкімі жиналғандардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ Серік Шәпкенов ауыл тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Қамысқала ауылдық округінің орталығы Хамит Ерғалиев ауылында бүгінде 3 500-ден аса тұрғын бар. Ауылда 2 орта мектеп, мәдениет үйі, 2 балабақша, Новобогат дәрігерлік амбулаториясы, мешіт және т.б. әлеуметтік нысандар бар.

Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Исатай ауданының Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button