Жарнама
Қоғам

Атырау облысының әкімдігі тұрғындар үшін Telegram чат-каналын ашты

Чат-каналда тұрғындардың сауалына мемлекеттік органдардың басшылары, облыс әкімінің орынбасарлары, барлық деңгейдегі әкімдер мен коммуналдық қызметтердің басшылары және т. б. жауап береді, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік органдардың халықпен кері байланысын күшейту туралы тапсырмасы аясында, өңір басшысының тапсырмасымен Атырау облысының әкімдігі Telegram чат-каналы ашылды.

Чат-каналда тұрғындардан әдеп нормаларын сақтауды сұраймыз, келіп түскен сұрақтарға 1-2 жұмыс күні ішінде жауап беріледі.

Чатқа кіру үшін смартфонға «Telegram» қосымшасын жүктеп, https://t.me/akimatatyrau сілтеме бойынша өту қажет.

Related Articles

One Comment

  1. салематсіздарма ,Атырау әкімат телеграммасына қосылай алмай турмын,кімге жугінемыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button