Атырау облысында сейсмикалық жаттығу аясында«Дабыл сигналы» іске қосылады
23 ақпан күні сағат 11.00-де Атырау облысында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізіледі.
Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, 23 ақпан күні сағат 10:00 шамасында (түскі уақытқа дейін) ДАБЫЛ СИРЕНАСЫ іске қосылады.
Осыған байланысты, Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарынан сейсмикалық жаттығу барысында «Баршаның назарына!» сиренасы кезінде қорқыныш сезімге берілмей, тыныштық сақтауларыңызды сұрайды.
Төтенше жағдайларға дайын болу – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі. Сейсмикалық жаттығуға белсенді қатысуға шақырамыз!
Сейсмикалық жаттығуды бастамас бұрын дабыл чемоданын дайындап, қауіпсіз жерге эвакуациялау бағытын айқындаңыз. Ғимараттардан, электр желілері мен үлкен ағаштардан алшақ тұрған ашық алаң қауіпсіз орын саналады.