
Қоғам
Атырау облысында әскери міндеттілер оқу-жаттығудан өтуде
Атырау облысында 20-45 жас аралығындағы аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндетті азаматтарының қатысуымен 10 күндік оқу-жаттығу жиыны басталды. Жиынға жүзге жуық адам тартылды.Оқу-жаттығу барысында қатысушылардың әскери даярлық деңгейі тексеріліп, қару-жарақпен жұмыс істеу, саптық және тактикалық дайындық сабақтары жүргізіледі.Әскери шараның басты мақсаты – ел қорғанысын қамтамасыз ету ісінде азаматтардың біліктілігін арттырып, жауынгерлік машықтарын жетілдіру.