
Қоғам
Атырау-Астрахан бағытында жол апаты болды
Жүк көлігі өртенді.
15 маусым күні сағат 11.53-те «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолы бойында 625 шақырымында «Мерседес Actros» жүк көлігі бортының тентінің және тиелген ауданы 2х3 м болатын әжетхана қағазы мен қағаз сүлгілердің өртенуі болды.
Өрт сағат 12.30-да оқшауланып, сағат 12.33-те толықтай жойылды. Өрттің себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы