
Қоғам
АТЫРАУ ӘКІМДІГІ МЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ШҰҒЫЛ ХАБАРЛАМА ЖАСАДЫ!
Атырау қаласы әкімдігі және Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді…
Қазіргі уақытта Атырау облысының басым бөлігінде күннің ыстығы +42 градусқа дейін көтерілуіне байланысты төтенше өрт қаупі күтілуде. Осыған орай, қала тұрғындарын өрт қауіпсіздік ережелері талаптарын мұқият сақтауды сұраймыз. Төтенше жағдай қаупі төнгенде «112» және «101» нөмерлеріне хабарласу қажет.