
Қоғам
Атыраулық спортшы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
1-2 қараша күндері Беларусь астанасы Минск қаласында панкратионнан әлем чемпионаты өтті.
2001-2002 жылғы жастар арасындағы сайыста атыраулық спортшы Ернат Нұрлыбекұлы қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Минсктегі әлем чемпионатына жаһанның 30-дан астам елінен спортшылар қатысқан. Ал, жерлесіміз Ернат 55 келі салмақта бағын сынады. Ол үш кездесу өткізіп, тек жартылай финалда украиналық спортшыға есе жіберіп алған.
«Панкратионнан әлемдік додалар жылдан-жылға дамып, ондағы бәсекелестік арту үстінде. Былтырғы чемпионатта 22 ел қатысса, биыл 8 ел қосылып отыр. Жалпы чемпионатқа 300-ден астам спортшы қатысты», — дейді бапкер Нұртілек Қонашев.