Атырауда бокстан халықаралық турнир өтуде

IMG 2224 1 Қоғам

1 шілде күні Атырауда халықаралық бокс турнирінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

IMG_2224

Қазақстан Республикасы Бокс Федерациясының құрметті президенті Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевтың жүлдесіне арналған ерлер арасындағы додада биыл 103 боксшы бақ сынауда. Оның ашылу салтанатына Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет қатысты.

Шараның ашылу рәсіміне қатысқан белгілі спортшы Қайрат Ералиев кез келген боксшы үшін мұндай деңгейдегі турнирге қатысу тәжірибе жинақтауға мол мүмкіндік екенін атап өтті.

Ал жарыс 5 шілдеге дейін жалғасады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз