Жарнама
Қоғам

Атырауда қайырымдылық спартакиадасы өтті

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, өңірдегі мекемелер арасында спорттың 4 түрінен қайырымдылық спартакиадасы өтті.

Закрытие спартакиады (3)

Спорттық шараға қатысушылар үстел теннисінен үш дүркін паралимпиада ойындарының чемпионы Жұлдыз Ерубаеваға қолдау көрсетуге ниет білдірген. «Шарадан түскен барлық қаражат жас спортшының денсаулығын оңалтуға және спорт тұғырында жаңа биіктерді бағындыруға жұмсалатын болады» дейді паралимпиадашының анасы Гүлмира Асанова.

Спартакиада қорытындысымен Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері өңірдегі ең үздік спорттық ұжым атағына ие болды. Аталған өндірістік мекеменің құрама командасы «Аялы алақан» қайырымдылық жарысында жалпы командалық есепте І орынды жеңіп алды. Екінші орынға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамасы табан тіресе, үшінші орынды Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұжымы місе тұтты.

Жеңімпаздарға мектеп директоры Айдарбек Айтбөкешев арнайы диплом мен ауыспалы кубокты табыстады.

Закрытие спартакиады (15)

«Аялы алақан» қайырымдылық шарасына тек өңірдегі ұжымдар емес, сондай-ақ, зияткерлік мектептің оқушылары да қолдау көрсетуге атсалысты. Олар екі күн бойы спартакиадаға келген қатысушылар мен көрермендерге тәттілерден жәрмеңке ұйымдастырды.

Осылайша, облыстағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мемлекеттік мерекені денсаулыққа пайдалы әрі «Қоғамға қызмет ету» жобасымен ұштастырып, өзгелерге үлгі болуға тырысты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button