Атырауда алғаш рет парадзюдодан әлем кубогі өтеді
Атырауда алғаш рет парадзюдодан халықаралық әлем кубогі өтеді. Байрақты бәсекеде әлемнің 40-тан астам елінен 250-ге жуық спортшы бақ сынасады. 13 салмақ бойынша сынға түсетін додаға 12 сортшы ел намысын қорғамақ.
Атырауға халықаралық зағиптар спорттық ассоциациасынан дзюдо күресі спорттық директоры Януш Тардос (Мажарстан) мен Азия континентінің спорттық директоры Брайн Гиссек (Корея ) келген болатын. Халықаралық комиссия мүшелері алдағы жоспарларымен бөлісіп, 9-10 қыркүйекте өтетін әлем кубогының маңыздылығын ерекше айта кетті.
— Осындай ірі доданы Атырау жерінде өткізу бірауыздан қабылданған көрінеді. Себебі, былтыр қаламызда өткен «Қазақстан Гран-приі» сарапшылар тарапынан жоғары бағасын алған, — дейді Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.