Жарнама
Қоғам

АТАҒА САҒЫНЫШ

«Бұл қу тірлікте сан түрлі сынақ болады, содан сүрінбей өту керек… Тірлікте сан түрлі қиындық бар, одан да мүдірмей өте білген жөн», — деп қамқорлығын ақылмен жеткізетін.

Қазақ халқында, «Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін», — деген ұлағатты сөз бар. Сіздің замандастарыңыз, көз көрген ақсақалдар сіз жайында, сіз салған сара жолды сөз еткенде,өзіңіздей қарияның немересі болғаныма мақтанамын.

«Жұртыңа қалды асыл іс, Жұртына берді ол пайдасын. Соғады жүрек асығыс: Атамның үйі қайдасың? Атамның үйі қайдасың?» Мұқағали ақынның осы бір өлең жолдары атамның атақонысын аңсап жеткен ұрпағының ұраны іспетті. Қатал тағдыр жон арқасын талай осқылаған қайсар атам ешбір қиындықтан мойымаған. Ұрпақ қамы үшін ауыр тірліктің тізгінін ұстап, тыным таппаған жан болған, оған әжемнің әңгімелері дәлел. Кейде көпшілік арасында адамдар: «кімнің немересісің?» дегенде мен: «Навои атаның немересімін», — деп ерекше тебірене айтамын. Себебі, менің атам – қандай мақтауға да лайық адам.

Әсел КЕМЕЛ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 2 курс студенті.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button