Жарнама
Қоғам

АТ СПОРТЫ АҚСАП ТҰР

 

Сол себепті бұл жерде атқа шаба алатын шабандоздар туралы сөз қозғау мүмкін емес. Сондықтан болар, жыл сайынғы өткізілетін аламан бәйгелерде біздің ауданның ең жүйрік деген аттары үнемі жарыс жолынан ерте шығып қалып жүр. Оның да мәнісі бар. Өйткені, жарысқа қатысатын аттар көбінесе, басқа аудандардан алдырылады. зауыттардан ақшалы азаматтар сатып алған асыл тұқымды  бұл жүйрік аттар біздің қой соңына зорға ілесіп, ілбіп жүрген аттарымызды бір-ақ сәтте ала шаңға көміп кетеді. Мұны көріп әбден көңілі қалған атбегілеріміз бен шабандоздарымыз аламан бәйгеге қатысудан ат тонын ала қашады. Кей кездерде бәйгеге төрт-бес аттың қатысқанына да талай куә болғанымыз бар. Бұл жерде әңгіме ат спортына деген немқұрайлы көзқараста болып отыр ғой.

Әрине, ауызды қу шөппен сүртуге де болмас. Ауылдарымызда жылқы десе ішкен асын жерге қоятын азаматтар баршылық. Сондай-ақ, қайсар, намысшыл, ат құлағында ойнайтын нар жігіттер де жетерлік. Тек солардың басын қосатын қауымдастық құрса жетіп жатыр. Бір әттеген-айы, бұрынғыдай тай-құлынға мініп, асау жылқыларды бас үйрететін малды ауылдың балаларының көпшілігі қазір шетелдік «темір тұлпарларды» жүйткітіп жүргені мәлім. Одан да көкпар тартып, қазақтың рухын неге асқақтатпасқа деп ойлайсың.

Малды ауылдарға барсаң, атқа мініп, қой бағып жүрген жігіттерді көрмейсің. Меніңше, ауданымызда ұлттық спорт ойындарын дамыту үшін өз алдына арнайы ат спорты мектебін ашқан дұрыс. Мәселен, еліміздің оңтүстік өңірінде ұлттық ат спорты мектебі жақсы дамыған. Осы мектептен балалар атқа шабу мен көкпар тартудың қыр-сырын жетік меңгеріп, ат құлағында ойнайтын болып шығады.

Енді амандық болса, екі айдан кейін жыл сайынғы дәстүрлі аламан бәйгеміз өткізілмекші. Осыған орай, жақында біз осы төңіректегі әңгімені білу мақсатында аудан әкімінің орынбасары Артур Қуанышкереевке жолығып, аз-кем әңгімелескен едік. «Ауданымызда ат спорты қашан қолға алынбақшы» деген сауалымызға ол:

– Мамыр айында Жеңістің 70 жылдығына байланысты ат бәйгесін ұйымдастырамыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл жолы бәйгеге тек өзіміздің ауданның аттары ғана қатысады. Бұрынғыдай сырттан ат алдырмаймыз. Бірінші орын алған шабандозға автокөлік тігеміз, ал, қалған орындарды алғандар да байрақтан құр алақан қалмайды. Бәйгеге әзірлік жұмыстары қазірден басталып кетті. Күні бүгінге дейін жергілікті ауылдық округтердегі шаруа қожалықтарындағы оннан аса атбегілерден өтініштер түсті. Жарысқа тағы да ат қосамын деген азаматтар болса, біздер олардың өтініштерін қабылдауға қашанда әзірміз,-деген болатын. Ендеше, алдағы уақытта бұл игілікті іс өз арнасын табарына сенейік.

 Аяпберген САЛИХОВ, Исатай ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button