Ғасыр жасаған әжей

  Ғасыр жасаған жандардың бірі геолог тұрғыны – Дания Мұсаева. Өмір бойы еңбек еткен кейуананың қазір 9 немере, 10 шөбере, 16 жиені бар. Шөбереден 8 шөпшек сүйіп отыр.

 azhegumir Талай тарихи оқиғалардың куәсі болған әжейді Геолог ауылдық округінің әкімі Н.Жұмаханов пен ауылдық округ ардагерлер алқасының төрағасы Т.Бахтияров мерейлі жасымен құттықтады. Округ әкімі Н.Жұмаханов Дания әжейге сыйлық пен гүл шоқтарын ұсынып, бүгінгідей «бейбіт күндеріміздің куәсі болып отырған қазыналы қарттарымыз аман болғай» деген тілегін білдірді. Бақытты ғұмыр кешкен Дания әжей бүгінгідей бейбіт өмірге тәубе етеді. Талай зұлмат жылдардың куәсі болған қарт әжейді бала-шағасы да барынша аялап отыр.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз