Жарнама
Қоғам

Астаналық депутаттар Жайық жағалауларын аралады

Мәжілісмендер Атырау қаласындағы «Зарослый» шағынауданының жұмысын көріп қайтты. Оларды осы аймаққа жауапты координатор, қалалық мәслихат депутаты Азамат Мұханжанов күтіп алды.

Ол өзі қадағалайтын аумақта тұрғызылуы керек бөгеттің 4,5 шақырымының 3 шақырымы жасалып біткенін баяндады. «Тасқын судың алдын алуда сапалы жұмыс жасалуда»,- деді жауапты координатор. Жұмыс барысында нысанға жауапты А.Мұханжанов техникалар жеткілікті түрде жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Кездесуде Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов осы маңайда тасқын судан қорғануға атсалысып жүрген тұрғындармен де тілдесті. Олардың өз уәжін тыңдады. Айтуларынша, су арнасынан аса қалған жағдайда бөгеттерді артығымен дайындауға тырысып бағуда.
Малика ТӘКЕЖАНОВА

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button