Жарнама
Қоғам

АСТАНА КҮНІН АТЫРАУ ДА ТОЙЛАДЫ

 

Ал, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында қаламызда бой көтерген бірнеше көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, 126 отбасы баспаналы болды. 

Атырауда кім мықты?

Президенттің туған күні мен Астана мерекесіне орай, Исатай-Махамбет орталық алаңында экстремалды спорттың төрт түрінен «Атыраудың қуатты адамдары» атты облыстық турнир өтті. Мерекелік алаңға жиналған қала тұрғындарын облыстық  дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұржан Ермұханов құттықтады. Салмағы 40 келі кір тасын минутына сан мәрте көтерген қала тұрғындары бірінен-бірі асып түсті. Ал, бүгінгі күннің батырлары 150 және 270 келілік көлік дөңгелектерін санаулы секундтар ішінде 20 метрге дейін көтеріп жүргенде таңқалмаған адам қалмады.

— Былтыр осындай шара Жеңіс күніне орай өткізілсе, биыл екінші рет өз жалғасын табуда. Оған «Атырау» фитнес орталығы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы демеушілік танытты, — дейді Атырау бодибилдинг және фитнес федерациясының президенті Александр Литвинов.

Жарыс қорытындысы бойынша күштік экстримде Эдуард Қабдешев бірінші, Дмитрий Ли екінші, Дмитрий Романюк үшінші және Владимир Ли төртінші тұғырлардан көрінді. Ал, әуесқойлар арасынан гантель көтеруде А.Денисенко, Б.Наршиев, К.Имамбеков, Р.Кабацков, А.Попов, Н.Чередов, К.Воронцов үздік нәтиже көрсетті. Тұрғындардың көпшілігі армрестлинг сайысына белсенді қатынасты. Олардың ішінен Николай Кучкин жеңімпаз деп танылып, кейінгі кезекті орындарға Александр Попов, Роман Ахияповтар қол жеткізді.

Әсіресе, салмағы үш тоннаға жуық «ГАЗель» шағын автобусын 20 метрге сүйреген кіл мықтыларды көрермендер ерекше ықыласпен тамашалап, мәре-сәре болды. Соның ішінде, ең жас қатысушы Владимир Ли автокөлікті бар болғаны 16,3 секунд ішінде межесіне жеткізді. 

Қала орталығында – велошеру

Облыс орталығында велотұлпарын тізгіндеген әуесқой велошабандоздар Құрманғазы, Владимирский, Сәтбаев көшелері  арқылы «Жеңіс» саябағынан Исатай-Махамбет алаңына дейінгі аралықты еңсеру үшін бар күштерін салды. Мерекелік велошеруге күннің ыстығына қарамастан көп адам қатысуға ниет білдірді.

Би алаңындағы бұлқыныс

Қаламыздағы «Импульс» би мектебі де мерекеден қалыс қалмай, облыстық әкімдік ғимаратының алаңында қаланың жас тұрғындары мен қонақтарын заманауи көше биіне шақырып, әуезді әнге бөледі. Мерекелік думанды арнайы Қалмақ Республикасынан ат арытып келген қала қонағы, би өнерінің үздігі Рустам Боджиев жүргізіп отырды. «Рауан» жастар қоры» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шараға қалалық жастар ресурстық орталығы қолдау білдірді.

 

Думанға келіп, сайран салды

Кешкілік Исатай-Махамбет алаңында «Елімнің жүрегі – Астана», «Жырлаймын сені, Астана!» атты мерекелік сазды бағдарламалар тұрғындарды ұмытылмас әсерге бөледі. Жергілікті өнерпаздар, «Камелия», «Еркем-ай», «Жұлдыз» халық би ансамблдері мен Нұргүл Бауыржанқызы мың бұрала билесе, Айсағали Қуанышбек, Мержан Қабдолов, Муслим Яудаев, Бақытгүл Ізбасарова, Айбар Ғаниұлы және «Омели» триосы әннен шашу шашты. Соңы мерекелік отшашуға ұласты.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Суреттерді түсірген Е.АЛТЫБАЕВ, А.АБДОЛОВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button