Жарнама
Қоғам

ӘСКЕРИЛЕР ЖАРЫСТА БАҚ СЫНАДЫ

Қатысушылар 56-91 салмақ санаттары бойынша бақтарын сынады. Қорытындысында, топ бойынша Ақтау қаласының 25744 әскери бөлімі жүлделі бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Ақтөбе қаласының 30238 әскери бөлімінің қызметкерлері бағындырды. Үшінші орынға Атырау қаласының 41433 әскери бөлімі лайық деп танылды. Төрешілердің шешімі бойынша сегіз әскери қызметкер Астана қаласында 14-18 наурыз аралығында құрлық әскерлерінің арасында өтетін бокс чемпионатына қатыспақ.

— Чемпионат биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Екі күн бойына жалғасқан додаға Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарынан 37  әскери қызметші қатысты. Өткен жылы небәрі төрт әскери бөлім бақ сынаса, биыл алты бөлімнің де жақсы дайындықпен келгені байқалады, — дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының дене шынықтыру және спорт қызметінің басшысы, капитан Қанат Махамбетов.

Нұргүл  ЫСМАҒҰЛОВА.

Суретті түсірген:   Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button