Қоғам
«Әскер қатарын толықтырып, халқыма қорған болсам деймін…»
Atr.kz/3 сәуір, 2020 жыл. Мемлекет басшысының әскери міндеттілерді шақыру жөнінде шешім қабылдауы тегін емес. Мен де бұл бастамаға қолдау білдіре отырып, Отан алдындағы асыл парызымды өтегім келеді.
«Мен әскерге аттану үшін жеке сұранып, сұранысым қабылданған еді. Өкінішке орай, әлем бойынша белең алған жұқпалы дертке орай, әскерге шақыру мерзімі кейінгі ысырылды. Ал, мен киім-кешегім мен керек-жарағымды жинап, шашымды қиып, сақадай-сай отыр едім. Тіпті, жұмыс орныма қайта оралуға ұялып, қоштасып үлгерген әріптестеріме енді не деймін деп намыстанғаным да бар. Кеше Президенттің Жарлығы жөнінде «Atr.kz» сайтынан оқып танысып-шықтым. Өте оң бастама деп есептеймін» дейді ол бізбен әңгімесінде.
Арман ЖӘДІГЕРОВ,
Тасқала ауылының тұрғыны