АШАҚТА ТУҒАН АҚБЕРЕН
Шараны «Киров» халық театры Артур Яһуданың «Жоқ, ұмытуға болмайды» атты моноспектаклімен ашты. Әбу Сәрсенбаев атындағы орта мектеп оқушысы Еркеназ Қалижан «Жұмекенге арнау» өлеңін оқыды.
Аудан әкімінің орынбасары Абдуррахман Мұса Жұмекен Нәжімеденов туралы шаралар ақынның мерейжасына байланысты жер-жерде өткізіліп жатқандығына тоқталды. Жұмекеннің Құрманғазы ауданының төл тумасы, елімізді күллі әлемге паш еткен тұлға екенін айтты. Осыдан кейін белгілі күйші Талапқали Зайнуллин Қазанғаптың «Көңіл» күйін орындады. Зейнеткер ұстаз Қадырғали Абдрахманов Жұмекеннің «Поездағы кездесу» өлеңі туралы сыр шертті.
Аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқырманға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Людмила Рахметова «Жүрегі жыр – Жұмекен» тақырыбында библиографиялық шолу жасады. Аудандық «Жұмекен оқулары» байқауының жеңімпазы, Ганюшкин мектеп-жатақханасының оқушысы Ерқанат Әділханов, жергілікті ақын Есмұқан Жанизин және басқалар ақынға арнаған өлеңдерін оқыды.
Руфина ТЕМІРҒАЛИЕВА,
Құрманғазы ауданы.