Қоғам
АСА АРДАҚТЫ АНАЛАР, АЯУЛЫ АПАЛАР МЕН ҚЫРМЫЗЫ ҚАРЫНДАСТАР!
Адамзаттың ұрпағын жалғастырып, тәлім-тәрбиенің, тірлік пен бірліктің алтын діңгегі болған Әйел-анаға өткеннің өнегесі мен келешегіміздің кемелденуі де тікелей байланысты. Күні бүгінде егеменді еліміздің, мұнайлы өлкеміздің өсіп-өркендеуіне нәзік жандар шексіз үлес қосып отыр. Ендеше, әрдайым Сіздердің денсаулықтарыңыз, қажыр-қайраттарыңыз сарқылмасын! Шаңырақтарыңыз шаттыққа толып, көңілдеріңіз көктемнің күніндей шуақты болғай!
Ізгі ниетпен,
Атырау қаласының әкімі С.Айдарбеков.