АРУЛАР – АСЫЛ ЖАНДАР, ШУАҚ БОП ШАШЫЛҒАНДАР…
Облыстық ішкі істер департаменті ұйымдастырған сайыста барлығы сегіз ару өзара сынға түсті. Олар конкурс шартына сай, алдымен, өздерін таныстырып, берілген логикалық тапсырмаларды шешті. Кәсіби деңгейде бақ сынап, нысанаға дәлдеп атудан шеберліктерін де, салт-дәстүр бойынша өз біліктіліктерін де байқатып, сұрақтарға жауап берді. Сайыскерлердің асханалық шеберліктері де сыналды. Биылғы Ассамблея жылына орай қыз-келіншектер өз қолдарымен дайындалған түрлі ұлт өкілдерінің тағамдарын ұсынды.
Алты номинация бойынша өткізілген аталмыш сайыста №1 Атырау қалалық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Анаргүл Болатова бас жүлдеге лайықты деп танылды. Ал, Атырау қалалық ішкі істер басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Ақмарал Ахметова бірінші орынға ие болды. Екінші орын Исатай аудандық ішкі істер бөлімі ақпараттық-талдау тобының инспекторы, полиция майоры Мейрамгүл Манашеваға берілді. Ал, Жылыой аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі ювеналдық полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция сержанты Гүлдана Алпысова мен облыстық ішкі істер департаменті кадр жұмысы басқармасының инспектор-психологі, полиция капитаны Самал Аденова үшінші жүлденің иегерлері атанды.
Жеңімпаздар Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда өткен салтанатты жиында марапатталды.
А.Нәсіпқалиқызы.
Суретті түсірген
Ә.ӘБІЛҒАЗИЕВ.