Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда…

 «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы…» деген атпен газетіміздің №45 санында «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Атырау» газеті белгілі журналист, ақын Жұмабай Төлегеновті еске алуға арналған жазба ақындар мүшәйрасын жариялаған болатын.

   Оған облыс аумағында тұратын елуге жуық үміткер қатысты. Байқау шарты бойынша қатысушылар үстіміздегі айдың 20-сына дейін газеттің электронды поштасына өз өлеңдерін жолдаған болатын. Арасынан ең үздік 12 үміткер іріктеліп, байқаудың екінші кезеңінде бақтарын сынады. «Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында бас қосқан жас дарындар сараптау алқасының дайындаған тақырыптарының бірін жеребе әдісімен суырып, сол бойда импровизациялық мүмкіндіктерін дәлелдеп шықты. – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, жас талантты ақындарды тану, өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, – деген облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов кәсіби мереке иелерін құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз).

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз