Жарнама
Қоғам

Ардагерлердің айтары аз емес

Облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен әдеттегіден өзгеше формадағы жиын өтті. Бұл жолы офлайн және онлайн режимде өткізілген басқосуға қатысқан аға буын өкілдері көкейлеріндегі сауалдарын алға тартып, оған атқарушы билік құрылымдарының басшылары жауап берді. Қойылған сұрақтар коммуналдық шаруашылық,  тұрғын үймен, дәрі-дәрмекпен қамту, медициналық қызмет көрсету, кезінде заңсыз жолмен сатылып, жекенің меншігіне өтіп кеткен жылжымайтын мүліктерді мемлекет иелігіне қайтару мәселелері төңірегінде өрбіді.

9744bd57 b510 4e0e aacc e4bd0f1fe586

Жиынды кіріспе сөзбен ашқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов мұндай шараның маңыздылығына тоқтала келіп, осыған дейін қалалық, аудандық ұйымдар арқылы ардагерлерден 40-қа жуық сұрақ келіп түскенін жария етті.Осылайша, алғашқы болып Мақат ауданынан жолданған сауалда ескірген электр желілерін жаңарту жұмыстары қашан жаңартылатыны көтерілсе, құрманғазылық ардагерлер шағын ауылдық елді мекендерді ауыз су құбырымен жабдықтау жұмыстары қашан аяқталатынын қозғапты. Биыл ұлттық құрылтай өтеді деп жоспарланып отырған «Хан ордалы Сарайшық» тарихи-мемориалдық кешенінде атқарылуы межеленген жұмыстардың барысы қалай, жалпы оған дайындық (мәселен, реставрациядан өткізіліп жатқан Сарайшық қалашығынв апаратын автокөлік жолы, хандар кесенесінің, өзге де жобада көрсетілген нысандардың құрылысы) деңгейі қандай? Бұл да ардагерлерді толғантқан жайттың бірі екенін түсінсек те, өкінішке қарай, көптің көкейінде ұялаған бұл сұраққа тұщымды, нақты жауап қайтарылмады. Келесі кезекте исатайлық еңбек ардагері Самат Қабделовтің өңірдегі мұнай компанияларында жергілікті мамандарды жұмысқа тарту жайы көңіл көншітпейтінін жеткізсе, одан соң сауалымен бөліскен әріптесі аудан орталығы – Аққыстау ауылында салынған үш қабатты 3 үйдің құрылысы бітуге таяғанымен, қазіргі уақытта қарқыны баяулап қалуына нендей себеп барын білгісі келетінін жеткізіпті. Жоғарыда баяндалғандай, атыраулық ардагерлердің бір тобы дәріханаларда сатылатын медикаменттердің бағасы шамадан тыс шарықтап тұрғанын тілге тиек етті. Сол сияқты, емханалардағы кезектің көптігінен бірқатарының келіп тұрған дәрігеріне қарала алмай қиналатынын жеткізді.

9bd64083 35ea 444e 8fc8 b079b9b9f0bb

Қысқасы, бұдан өзге де ардагерлерді алаңдататын жайлардың аз емес екенін аңғардық.

Дәулетқали АРУЕВ,

Суреттерді түсірген: Ерлан  Алтыбаев

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button