АРДАГЕРЛЕРДІҢ АЙТАРЫ БАР

Жуырда Құрманғазы аудандық ардагерлер кеңесінің пленумы өтті.

 

Пленумда аудан әкімі Амангелді Барақатов ардагерлерді жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне белсене атсалысуға шақырды. «Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов» медалімен Ардагерлер Өмірзақ Қажымғалиев, Рафих Қабиев, Мәдениет Харесов, Файзол Жұмақашев, Сәркен Дарғожина, Жаннат Құрманғалиева, Сара Алпысқызы, Асқар Ғұмаров ұлығыланды. Ардагерлер атынан Сара Алпысқызы ризашылығын білдіріп, аудан әкімі А.Барақатовқа өз кітабын сыйлады.

Келесі кезекте аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев ұйымның атқарған жұмыстарынан хабардар етіп, ардагерлердің бастауыш ұйымдары арасындағы байқаудың жеңімпаздары –Бірлік, Мақаш, Еңбекші ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары Рафих Қабиевке, Өтеулі Хасановқа, Теміртас Елеусіновке, ақкөлдік ардагер ұстаз Қадырғали Әбдірахмановқа Алғыс хаттар табыс етті.

Білім беру ұйымы ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлығайын Нұғманов алдағы уақытта аудан мектептері директорлары мен ардагер ұстаздардың үлкен тобының басын қосып, білім берудегі орын алып отырған кемшіліктерді жоюдың жолдарын белгілейтін педагогикалық актив өткізуді ұсынса, ардагер Өмірзақ Қажымғалиев бүгінгі салт-дәстүрлеріміз төңірегіндегі ойларын ортаға салды.

Руфина ТЕМІРҒАЛИЕВА,

Құрманғазы ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз