Жарнама
Қоғам

АРДАГЕРГЕ – ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ

 

1924 жылдың қараша айында осы өңірде дүниеге келген Орынғали Қарасайұлының бүкіл саналы ғұмыры да осынау өзі туып-өскен топырақта өтулі. Кешегі ел басына күн туған шақта қолына қару алып, Отанын опасыз жаудан қорғаған майдангер бейбіт заманда да ерен еңбек етті. Бірнеше ауданда партия комитеттерінің хатшысы қызметтерін атқарды, облыстың әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет салаларын басқарды.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін жоғары мемлекеттік марапаттарды иеленді. Мерейтой кешінің шымылдығын ашып, алғашқы сөз тізгінін алған аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов тоқсан жастың төріне шығып отырған Орынғали Қарасайұлын құттықтап, жылы лебізін жолдады, халқымыздың дәстүрімен сый-сияпатын ұсынып, құрметін көрсетті.

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, белгілі ғалым, академик Өмірзақ Озғанбаев қазақстандық ардагерлер қауымдастығының ыстық сәлемін жеткізді.

(Салтанатты шарадан толығырақ материал газетіміздің алдағы санында жарияланады).

Дәулетқали АРУЕВ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button