Қоғам
Ардагерге – көше атауы
ЖЫЛЫОЙ.
Елі үшін ерен еңбек етіп, халық ықыласына бөленген жанның бірі, Фин және Ұлы Отан соғыстарына қатысқан ардагер Хасан Алдақов болатын. Жақында Жаңа Қаратон кентіндегі №30 көшеге аудандағы мұнай кеніштерін алғашқы ашушылардың бірі болған, қос майданның ардагері Хасан Алдақовтың есімі берілді. Ардагерді еске алып, көшеге есімін беру шарасына жиналған жұртшылық, туыстары мен ұрпақтары ардагер ағаның еңбегін елеусіз қалдырмай, есімін ұлықтап жатқан жергілікті атқарушы орындарға ризашылықтарын білдірді.
Дайындаған: Бақытжан ЖҰМАТ.