Жарнама
Қоғам

«Қарағайдың» қарбызы

Жылыойлық диқандар еккен егін өнімдері пісіп, сауда орындарына, базарларға түсті.

«Қарағайдың» қарбызы2

Жаз болса, басқа жақтан келетін көкөністен гөрі жергілікті өнімді сатып алуға асығатындар Жем бойындағы «Қарағай» елді мекеніндегі қожалықтар өсірген қарбыз бен қауынды ерекше күтеді.

Өйткені бұларды уақытымен піскен экологиялық жағынан таза, нитратсыз өнім деп күтсе,  екіншіден, жемістердің тәтті дәмі тіл үйіреді. Бір қызығы, биыл «Қарағайдың» қарбызын бірден білетін боласыз. Қарбыздың сыртында қызыл түсті белгі (этикетка) жабыстырылған. Онда өнімді өсірген шаруа қожалығының аты мен «Қарағайдың қарбызы» екенін дәлелдейтін сөздер жазылған.

Бұл «Қарағайдың қарбызы» деп басқаның өнімін өткізіп жататын кейбір алыпсатарларға тосқауыл, әрі дәмді қарбыздың ерекшелігін айқындап тұрғандай.

Перизат ҚИЗАТОВА,

Жылыой ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button