Әр құжатта адам тағдыры бар…

0 9b4b0 a905d440 orig Қоғам

Архивтегі әр құжаттың артында адам тағдыры тұр.

Сол уақытта қоғамды басқару жүйесінде отырған адамдардың
қателіктерінен қаншама адам зардап шекті. Айналасы, ұрпағы
қиын шақтарды бастан өткерді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын
еске алу күніне орай Мемлекет басшысы жариялаған Үндеу
бұл тақырыпқа қатысты ашылмаған әлі де мың-миллиондаған
құжаттардың жарыққа шығуына, жазықсыз жалалы болған
жандардың ақталуына үлкен серпін болмақшы.
Бұл бағыттағы жұмыстар жыл
сайын жүйелі жүргізіліп келе
жатқанымен, ашылмай жатқан
құжаттар қаншама? Қазіргі таңда
қуғын-сүргін құрбандарына қатысты
деректер – облыстық полиция
департаментінің ведомстволық
архивінде. Ақталған азаматтардың
құжаттары қолжетімді. Ал, әлі де ашыл-
май, ақталмай жатқандары жетерлік.
Бірлесе жұмыс жасау барысында біз
табылған деректерді толықтырып,
арнайы шаралар өткізу арқылы
ұрпақтарына, жұртшылыққа
таныстырып, жария етеміз. Семи-
нар, көрмелер ұйымдастырамыз.
Жалпы, осы бағыттағы жұмыстар
жүйелі жүргізіліп келгенімен, наси-
хаттау жұмыстары кемшін түсіп жа-
татыны шын. Мәселен, бүгінгі ұрпақ
Сүгіров, Нұрсейітов, Орынбаев,
Адаев, Әбдешев, Айтмағамбетов,
Атырауов, Қалиевты біле ме?
Бәлкім, бірен-сараны білуі мүмкін.
Олар ақталды. Құжаттары бар. Ал,
олардың насихатталуы «ақсап»
қалғандықтан, осындай белгілі
тұлғалар туралы көбі білмейді.
Сондықтан, ақталған азаматтар тура-
лы толық мәліметтер дерегін бір жер-
ге жинақтауға мүмкіндік туса. Осы
ретте «Қазархив» республикалық
басқармасы құрылса деген пікірді
қолдаймын. Аталмыш құрылымға
барлық жергілікті архивтер желісі
бағындырылса, біраз мәселенің
шешімі табылар еді. Ұлт тарихын
тани түсуге жол ашылып, архив
құжаттарын цифрландыруға,
қ о л ж е т і м д і л і г і н а р т т ы р у ғ а
септесетіні сөзсіз.


Райса ТАСТЕМІРОВА,
Атырау облыстық мемлекеттік
архивінің бөлім басшысы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз