Жарнама
Қоғам

ӘР ДЕРЕК МАҢЫЗДЫ

 Байланыс телефоны: 8 (7122) 32-76-38.

Құрметпен, облыстық ардагерлер кеңесі. 

 

Құрметті  жолдастар!

Немістің фашистік басқыншыларын талқандаған Жеңістің 30 жылдық мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Қазақстан — Гурьев, Мақат пен Доссор соғыс жылдарында мұнай мен танк, ұшақтар үшін қажетті жанармай көзі ғана болған жоқ, бұл жерлерден әскерге түрлі өнімдер жөнелтіліп отырды.

Сол жылдары Гурьевтің жауға қарсы жаңа күрестер ашу үшін маған денсаулық бергенін тебірене отырып еске аламын. 1941 жылы Батыс майданында жарақат алып, 1942 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін Гурьевтегі эвакогоспитальда жаттым. Бұл жер №1 пошта жәшігі деп те аталған еді.

Меніңше, ол балық зауытының басқармасында орналасқан сияқты. Бұл жағы маған дүдәмалдау болып тұр. Госпитальдың сол кездегі бас хирургі  Ильина Наталья Васильевна болды. (Қос қабатты ғимарат балабақшамен бірге орналасқан еді. Жанында арық суы ағып жатты. Сол жерде медперсоналдар тұратын қос қабатты ағаш ғимарат та болды).

Барлық жаралы солдаттар госпитальдың басшылары мен кәсіпорын жұмысшыларының қамқорлығын, ерекше назарын сезініп жатты. Солардың ішінде аялы алақанын аямаған Тугущева Мария (Мауліхан) Исуповна жадымда ерекше жатталып қалды. Осы жерде соғыс жылдарындағы түсіністігі мен қолдауы үшін басшыларға тағы бір мәрте алғысымды жеткізгім келеді.

Госпитальдан шыққан соң мен Курскіден Германияның Одеріне дейінгі майдан даласын жүріп өттім. Бүгінде инженер-құрылысшы болып жұмыс жасаймын. Немерелеріме соғыс туралы әңгіме айтып келемін.

Сіздерге ірі жетістіктер мен денсаулық тілеймін. Тағзым етемін саған, Жайық!

Отставкадағы полковник А.И.Горшков. (соғыс жылдарындағы кіші лейтенант).

4. 05. 75 жыл.

 

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button