Ар алдындағы адалдық немесе аманатқа қиянат жасауға болмайды

1518426453 article b Қоғам

Ерекше балаларға – ерекше қолдау қажет. Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың No3 арнаулы қызметтер көрсету орталығына бару себебінің негізгі түйіні осындай. Яғни, айрықша күтімді қажет
ететін балалармен жұмыс жасайтын орталықтың тыныс-тіршілігі мен жалпы ахуалмен танысуды мақсат тұтқан топ аталған интернатқа арнайы бас тіреген еді.

Депутаттар, білім саласының бақылау-қадағалау бөлімінің, әлеуметтік сала мамандары, Атырау қалалық
прокуратура өкілдерінен құралған топ орталықтың жағдайымен танысты. Арнайы дәрістік кабинеттердің жабдықталуы, жатын бөлмелерінің жайлылығы, асханадағы қолайлы орта,қоймадағы тәртіптің сақталуы сын-
ды маңызды жайттарды назарынан тыс қалдырмаған топ жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Қайыржанқызы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің тікелей тапсырмасы бойынша ұжыммен кезде-
суге келгенін баяндады.

– Орталықта елдің аманаттаған балалары бар. Оның үстіне бұл – ерекше балалар. Олармен жұмыс жасаудың
қиын екендігін түсінемін. Оған қоса, қазіргі таңда тәрбиеленушілердің әрбірінің жағдайын жасау да – өте
қиын. Сондықтан біз тексеріп, тергеу үшін емес, проблема болса, бірлесіп шешу мақсатында келдік,- деген об-
лыс әкімінің орынбасары бағыт- бағдар сілтеу, қолдау білдіруге мүдделі екендерін танытты.
Қазір орталықта 77 бала тәрбиеленуде. Күндізгі бөлімде 39 бала.

Яғни, балабақша жүйесімен жұмыс жасайтын мекеме таңертеңгі 9 бен кешкі 18.00 аралығында ұлдар және қыздар бөліміне осынша бала қабылдайды. Жазғы демалыс мезгілдеріне сәйкес келгендіктен, қазір орталықтың күндізгі бөліміне келушілер саны аз. Біз бассұққан қыздар бөлімінде 5 ерекше бала бар екенін білдік.
Ал, стационарлық бөлімде – 38 бала. 3 жастан бастап, 18 жасқа дейін қабылданатын жеткіншектердің ішінде
11-і жетім болса, аталған бөлімдегі өзгелері ата-аналарымен байланысып тұрады.
Орталықтың стационар бөліміндегі ерекше балалар 18 жасқа толғаннан кейін ата-ананың қалауы бойынша үйіне жіберіледі немесе Сарайшықтағы арнаулы интернатқа ауыстырылады.

«Өкініштісі көп жағдайда балалар ауыстырылады. Бірақ, соңғы 2-3 жылмен салыстырғандай бұл орталықтағы тәрбиеленушілердің саны аз. 2018-2019 жылдары стационардың өзінде 100 бала болды, қазір жалпы орталықтағы бала саны – 77. Таяу уақытта орталықтағы екі бала отбасына оралмақ» дейді орталық директорының әлеуметтік салаға жауапты орынбасары Ақбөбек Испусинова.

Педагогикалық құрамның штаттық кестесіне сай, 140 қызметкер бекітілсе, қазіргі таңда 108 маман жұмыс жа-
сайды, соның 40-ы педагог. Мамандар жетіспеушілігін шешудің қажеттігіне тоқталған Бақытгүл Хаменова ме-кеме директоры Гүлжан Қазиеваға

«Сұранысты денсаулық сақтау басқармасына жолдадым деп, жауап күтіп отырудың қажеті болмай-
ды. Барлық есікті қағып, орталықтың толыққанды жұмыс жасауына мүдделі болу – міндетіңіз. Ерекше күтімді қажет ететін балаларға лайықты жағдай жасау – басты мақсатымыз. Мемлекет ұстанып отырған негізгі принциптің бірі де осы. Бүгін орталықтың жалпы тынысымен таныстым, мекеме басшысына 2ай мерзім уақыт беріп, ұжым ішінде оң ахуал қалыптастыруды тапсырамын. Кез-келген қолдау түрін көрсетуге дайынбыз. Дәрігер керек пе, әдістемелік көмек қажет пе? Облыс басшылығы ерекше балаға ерекше күтім жасауға қашан да
мүдделі» деді Бақытгүл Қайыржанқызы ұжыммен кездесу соңында. Орталықтағы ерекше балалармен
жұмыстың қиын да аса жауапты екенін атаған топ жетекшісі: «Қадағалаушы органдар бар. Орталықта құқық бұзушылықтар орын алғандығы туралы фактілер дәлелденсе, тиісті шешім шығарылып, жауаптылар жазаланатын
болады. Орталықтағы балалар – аманат. Ал, аманатқа қиянат жасауға болмайды» деп түйіндеді.

Гүлжан ӘМІРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз