ӘР АДАМ ҮЛЕС ҚОССА…

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт жоспары белгіленіп, бірқатар міндеттер жүктелді.

Президент Үкімет отырысында өз ой­ларымен бөлісе келе, «100 қадам» – бұл біздің жаһандық және ішкі сын-қатерлерге, сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену жөніндегі жоспарымыз. Реформаларды жүзеге асыру – алда тұрған 10-15 жылға бірінші кезекті жалпыұлттық міндет» деп Қазақстандағы әрбір азаматтың осы жоспарды орындауға атсалысуы керектігін түсіндіріп берді.

Өмірімнің саналы да мағыналы ғұмырын аймақ мәдениетіне арнаған жандардың бірі болғандықтан, Ұлт жоспарының 86-қадамында Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жобасын іске қосу қажеттігінен туындаған міндеттер белгіленгені көңіліме қонды. Аталмыш жоба аясында кинофильмдер, сериалдар және ел тарихы, қазақстандық мәдениет, елдің бүгінгі өмірі туралы хабарлар түсірілсе, ішкі туризмді дамытуға баса көңіл бөлінсе, құба-құп болар еді. Еліміздің мәдени өсіп-өркендеуі туралы мазмұны мен мағынасы терең туындылар көптеп жарық көрсе, әлемде Тәуелсіз Қазақстан жөнінде жақсы пікірлер қалыптасар еді деп ойлаймын.

Қайыржан МАХМУТОВ, Мәдениет қайраткері, еңбек ардагері.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз