Қоғам
АПАТ ГАЗДАН БОЛДЫ
Оқыс оқиға туралы ТЖ-нің тиісті құрылымына 103 диспетчерлік қызметінен хабар келіп түскен. Мұнда қаланың Алтынсарин көшесіндегі 31-і үйде бес адамның мәйіті табылғандығы баяндалыпты. Оларға «табиғи газдан уланған» деген диагноз қойылып отыр. Қаза тапқандардың барлығы — Өзбекстанның тұрғындары. Төтенше жағдайлар департаментіндегілер өрттің неден шыққандығы, адам өліміне қандай жағдай себепші болғаны турасында өзге мәлімет бере алмады. Айтуларынша, бұл іспен қазіргі күні ІІД-нің өкілдері айналысуда.